«Қазақ тілі мен әдебиеті:оқыту мәселелері және жаңа көзқарас» форумы

2022 жылдың 27- қыркүйегінде  Шахтинск қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойының аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті:оқыту мәселелері және жаңа көзқарас» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық форумы өткізілді.Атаулы мерейтойға  жалпы білім беретін мектептерден 91 мұғалім қатысты.

Форумда мұғалімдердің пленарлық отырысы да ұйымдастырылып,оған «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Құрманғазы Зәкірұлы Сембиев арнайы  қатысып, «Ахмет Байтұрсынұлы- қазақ тілін зерттеуші» тақырыбында баяндама жасады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.