Ашық куратор сағаты: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

17.10.2022 ж.  «Bolashaq» академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті ББ-ның 4 курс студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ашық куратор сағаты өткізілді. Ашық куратор сағатына академияның тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Р.Н.Исмаилова, кафедраның аға оқытушысы Н.Т.Ахметова, осы топтың кураторы, аға оқытушы Б.А.Абылбаева қатысты.

Куратор сағатында жоғары курс студенттері  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден ҚР-ның ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және себебін ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiнің айқындалуы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерi, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайлары туралы пікір алысты.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлаққа байланысты күрес жөнінде жасалған презентация, плакат және видео материалдар арқылы жақсы талдау жасап, өз ойларын ашық білдіре алды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.