2020 жылдың қыркүйектің 25 жұлдызында «Bolashaq» Академиясына 25 жыл болды. Өзіміздің 4 жыл бойы оқыған, алтын ұя «Bolashaq» академиямызды 25 жыл толуымен шын жүректен құтттықтаймыз.
«Bolashaq» академиясы 1995 жылы құрылып, 2007 жылы –Қазақстандағы ең ірі, жеке меншік білім ортасына айналды. «Bolashaq» академиясы 2007-2015 жылға дейін «Болашақ» университеті атағында болды. 2015 жылдың 4 тамызда «Bolashaq» жеке меншік Академия атағына өзгертілді.
2010 жылы Ең алғаш рет Қарағанды «Болашақ» университетіне, педагогика және психология мамандығына оқуға түстім. «Болашақ» Университетіне бірінші рет келгенде, маған өзіме өте қатты ұнады. Факультетіміздің аға оқытушылары, біздің ректорымыз, өзіміздің екінші үйіміз болған жатаханамыз бәрі маған жүрегіме өте жақын және ыстық. «Bolashaq» Академиясы – білім саласы бойынша ең бірінші орында деп айтар едім. Бізге аға оқытушыларымыз жан-жақтылықты, талаптылықты, сыпайлықты, ұшқыр білімділікті теориялық біліммен практикалық іс-тәжірибені ұштастыра отырып, көптеген өздерінде бар білімін бізге ұқтыра білді. Біздің айтар алғысымыз өте шексіз гуманитарлық факултетінің деканы болған Туркенов Т.К., педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Махмутова Г.С, Нуркенова Г.Қ. Коржумбаева М.Б., Диянова Р.Т., Есмагулова А.А., Шутенова С.С., Сарбасова Қ.А., Бакарамова С.А., т.б. аға оқытушыларға және педагогика ғылымдарының доценті Шалтаева Роза Жиенбаевна ПиП 10-2, ПиП 10-3 тобының студенттерінің сіздерге деген ризашылығымыз алғысымыз шексіз. Келе жатқан төл мерекелеріңізбен ұстаздар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға бақыт, шығармашылық мол ізденіспен табыс тілейміз!
«Bolashaq» Академиясына түскен студенттер сіздер біз сияқты жан-жақтылықты, білімділікті, жаңашылдылықты тек ғана «Bolashaq» академиясынан ғана үйрене аласыздар. Мен Болашақ академиясына түскеніме өте қуаныштымын. Қазіргі таңда Теміртау қаласындағы «№17 ЖББОМ» КММ педагог-психолог болып жұмыс істеймін. 2014 жылдан бастап, 2020 жылы әр жыл сайын «Bolashaq» Академиясы, педагогика және психология кафедрасы ұйымдастырылған «Жас педагог, психолог, тәрбиеші» конкурсына қатысып, оқушыларым 3 орын иегерлері болды. Өз алтын ұям «Bolashaq» академиясына ризашылығым шексіз, әр жыл сайын «Bolashaq» академиясына келіп жыл сайынғы жаңалықтарын естіп, өзгерістеріне куә
болып қуанып отырамын. «Bolashaq» академиясы ең керемет, ең әдемі, жаңа ақпаратқа толы жаңашыл оқытушыларға толы, мен үшің қай жерде жүрсемде, мақтан тұтатын білім ордам!
Ізгі тілекпен 2014 жылғы «Педагогика және психология» мамандығының түлегі Зинал Еркегуль