Талапкер – 2022

Құрметті жас талапкер!

Сіздерді Қарағанды қаласының «Bolashaq» Академиясы    оқуға шақырады.

Академияның тарихы 1995 жылдан  бастау алады. Бүгінде «Bolashaq» академиясы тек орталық өңірге ғана емес, барлық республикаға, алыс-жақын шет мемлекеттерге танымал, 22.01.2025ж. дейінгі жарамдылығы бар институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан өткен, алдыңғы қатарлы және 25 жылдық тарихи дамуды еңсерген сапалы білім беретін жоғары оқу орны.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ЖОО   білім беру сапасының халықаралық стандарттарына сай жүзеге асыру аясында еңбек етіп келе жатқан академияның миссиясы – өз түлектерінің білім деңгейін, бәсекеге қабілеттілігін, ұтқырлығын, әлеуметтік бағдарлануын және кәсіби қызмет пен ғылымда озық инновациялық технологияларды қолдана білуін қамтамасыз ететін сапалы, қолжетімді білім беруді ұйымдастыру  болып табылады.

 Академияда күндізгі және қашықтықтан оқыту оқу түрлері бойынша бакалавриаттың 9 білім беру бағдарламасы:  

  • Педагогика және психология;
  • Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу;
  • Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті;
  • Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
  • Шетел тілі: екі шетел тілі;
  • Қаржы;,
  • Құқықтану;
  • Фармация.  

және   магистратураның  5 білім беру бағдарламасы:      

  • Педагогика және психология;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті;
  • Шетел тілі: екі шетел тілі;
  • Қаржы;
  • Құқықтану,

сондай-ақ, Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша докторантура бар.

«Bolashaq» академиясы – үнемі биік белестерден көрініп жүрген оқу орны. Университеттен түлеп ұшып, білім көкжиегін бағындырған түлектер арасында елімізге белгілі тұлғалар, өз саласының майталмандары аз емес.  

Академиядағы оқу үдерісі оқытудың инновациялық технологиялары, оқытудың барлық процесін ақпараттандыру және компьютерлендіру, білім және ғылым саласында жаңа тұжырымдамаларды қолдану, оқытудың дәстүрлі әдістерін жетілдіру, электрондық оқыту құралдарының қорын құру және үнемі толықтыру негізінде жүзеге асырылады.

Академияда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру оқу-әдістемелік және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етіледі: халықаралық ақпараттық желілерге, кітапхана қорлары мен деректер қорына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік құралдар мен оқытылатын пәндер бойынша әзірлемелерге еркін қол жеткізіледі. Университеттің электронды оқу-әдістемелік басылымдар қорында курстық кейстер, видеолекциялар, барлық білім беру бағдарламалары пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендер, қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде дәрістердің электрондық курстарының базасы құрылған. Сонымен қатар, академия құрамына кіретін бірыңғай оқу кешендері де бар:

  • Фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру факультеті;
  • Орталық Қазақстан ғылыми-зерттеу гуманитарлық институты;
  • Құқықтық және салыстырмалы зерттеулер ғылыми-зерттеу институты;
  •  «Bolashaq»  Қарағанды өзекті білім беру колледжі;
  • «Лимонад» аймақтық студенттік газеті (ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 25.09.2015 ж. №15587-Г тіркеу куәлігі);
  • РИО «Bolashaq-Баспа» және т.б.

 «Bolashaq» академиясы отандық ғылымның алдыңғы қатарынан орын алып, қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болып педагогика саласын өркендетуге лайықты кадрлар даярлау бағытындағы жұмысын жаңашылдықпен жалғастыра бермек.

  «Bolashaq» Академиясының алдағы бағындырар биігі әлеуетті.

  «Жас талапкер-2022», сіздерді биылғы оқу жылында біздің жоғары оқу орнында көруге асықпыз.

«Bolashaq» академиясы Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ә.Б.Қосманова

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.