24 сәуір 2024 жылы 6В01101- «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша ПиП-20-2 тобының (күндізгі бөлім) студенттерінің дипломалды қорғауы өтті.
Дипломалды қорғауға «Педагогика» кафедрасының доценті, пс.ғ.к. Абдрахманова А.С., п.ғ.к.,доцент Мамерханова Ж.М., п.ғ.к., доцент Коржумбаева М.Б. аға оқытушылар Шутенова С.С., Есмагулова А.А., Косманова А.Б. және ПиП-20-2 тобының студенттері қатысты.
Студенттердің дайындалу процесінің бітіру кезеңде диплом алды қорғау «педагогика және психология» білім беру бағдарламасында оқитындарға маңызды болып табылады. Дипломалды қорғау оқу процесі кезінде студенттің педагог-психолог мамандығымен байланысты барлық ғылыми жұмысының дайындық үдерісінің жалпы бөлімінің құрамдас бөлігі болып есептеледі. Кафедраның ішкі тәртібі бойынша студенттердің бітіру жұмысының дайындық деңгейі диплом алды қорғаудан өту кезіңде көрсетіледі.
Дипломалды қорғау маңызды оқиғаның тұсаукесері деп айтуға болады. Бұл дипломалды қорғау студенттерді болашақта ғылыми жұмыстармен айналысқан кезде қиындықтар туыдамас үшін керек.
Студенттер дипломдық жұмыстарын 90% дайындығын көрсетіп, алдын ала қорғап сөз сөйледі. Оқытушылар жұмыстың тақырыптары бойынша студенттерге сұрақтар қойып, дипломдық жұмыстарына түзетулер мен толықтырулар айтылды. Барлық айтылған сын ескертпелерді дипломдық жұмысты қорғауға дейін түзетіп, өңдеу қажеттілігі ескертілді.