Заң пәндері кафедрасының доценті, з.ғ.к.
Байланыс ақпараты
Мекен-жайы: 100012 Қазақстан, Қарағанды, Ерубаев көшесі, 16, каб. 303.
Телефон: 87019207877; E-mail: 87019207877@mail.ru;
Жұмыс кестесі: пн.-т. 08: 30-17: 30, түскі үзіліс 13.00-14: 00.
Білімі
1, Күндізгі жоғары білім (1995-1999 жж.), Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, Мамандығы – «Құқықтану»; Біліктілігі – Заңгер (диплом № 0075145 28.08.1999);
2, Ізденуші (2007-2009 жж.), Қазақстан Республикасы, Д.А.Қонаев атындағы Заң университеті, 12.00.21 мамандығы – «конституциялық құқық; муниципалдық құқық; әкімшілік құқық; қаржылық құқық»;
3, Ғылыми дәрежесі – заң ғылымдарының кандидаты. Диссертацияның тақырыбы «Қазақстан Республикасында қолайлы қоршаған ортаға құқығын жүзеге асырудың конституциялық-құқықтық мәселелері» (диплом № 0004043, 25.01.2010);
4, Ғылыми атағы – 12.00.02 мамандығы бойынша университеттің доценті – «конституциялық құқық; муниципалдық құқық; әкімшілік құқық; қаржы құқығы» №
5, Академиялық атағым жоқ.
Еңбек өмірбаяны.
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 20 жыл, оның ішінде «Bolashaq» академиясында 9 жылдан астам.
1999 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ҚарМУ-де конституциялық және халықаралық құқық кафедрасында сабақ берді. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Bolashaq» академиясында заң пәндері кафедрасында кафедра доценті лауазымында жұмыс істеймін.
Ғылыми мүдделер конституциялық және экологиялық құқық саласына, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына жатады.
Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер.
Халықаралық және республикалық басылымдарда 30-ға жуық ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар, ғылыми еңбектердің жинақтары, оның ішінде монографиялар, оқу-әдістемелік құралдар және әртүрлі пәндерді өткізуге арналған бірқатар әдістемелік ұсынымдар жарық көрді.
Ең маңызды жарияланымдар:
1. Қазақстан Республикасында экологиялық құқықтардың жүзеге асырылуы. Оқу құралы Қарағанды: «Болашақ-Баспа» РББ., 2013.-198 б.;
2. Коллективная монография: Конституция РК- основа эффективного развития национальной правовой системы; Караганды: РИО «Болашақ –Баспа», 2016, -206 с.
3. Орхусс Конвенциясы: негізгі құқықтар және олардың жүзеге асырылуы» // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы, 2016 жыл, № 3 (112).
4. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығының даму тарихы және конституциялық-құқықтық негіздері / Перспективы развития правовой системы Республики Казахстан: Материалы республиканской научно-практической конференции. Караганда: РИО «Болашақ-Баспа», 2017г. -261 c.
5. Қолайлы қоршаған ортаға құқығын жүзеге асыру механизміндегі қоғамдық бірлестіктердің атқаратын рөлі/ Заманауи әлемдегі ғылым мен білім атты халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. – Қарағады; «Болашақ-Баспа» РББ, 2018. – 379 бет
Біліктілікті арттыру және тағылымдамадан өту:
- Қазақ ұлттық университетінің «Ғылыми нәтижелерді импакт-факторы бар журналдарда жариялау қағидалары (30.01.13 – 31.01.19, 16 сағат).
- Е.А.Буктов атындағы ҚарМУ-нің «Құқық» пәндік бағытында жалпы және арнайы құзыреттер мен дескрипторларды қалыптастыру «тренингі (13.01.2015 ж.).
- «Болашақ» академиясының «Заманауи инновациялық технологияларды ескере отырып, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру» семинары (2015 жылғы 16-17 сәуір).
Көтермелеулер мен алғыстар.
Білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудегі, сондай-ақ жас ұрпаққа білім мен тәлімді тәрбиелеудегі белсенді еңбегі үшін ҚР Ұлттық тестілеу орталығының құрмет грамотасы. Астана 2011 жыл.