Хамзин Мауен Хамзаевич

Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры

Байланыс ақпараты
Мекен-жайы: 100024 Қазақстан, Қарағанды, Ленин көшесі, 17, каб. 309.
Телефон: 42-04-25 (ішкі) 301,305);
E—mail: khamzin_m@mail.ru
Жұмыс кестесі: пн.-т. 08:30-17:30

Білімі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Филология факультеті.
«Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы. (1967-1973)
Абай атындағы ҚазПИ «Қазақ әдебиеті» кафедрасының филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің ізденушісі (1979-1983). Филология ғылымдарының кандидаты (1983).
Филология ғылымдарының докторы (1997 ж.)
КСРО ЖАК профессоры (2003 ж.)

Жұмыс өтілі.
Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі – 49 жыл. Оның ішінде 2007 жылдан «Bolashaq» академиясында.

Ғылыми мүдделер
Әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, көркем әдебиетті зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері, әдебиеттанудың өзекті мәселелері, әдебиет тарихы дәуірінің теориялық негіздері, қазақ әдебиетіндегі уақыт пен кеңістік проблемалары.

Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер.
Хамзин Мауен 250-ден астам жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы болып табылады, оның басшылығымен монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар басып шығарылды. Сондай-ақ, ол ғылыми жетекшілігімен 10 кандидаттық, 25 магистранттың магистрлік диссертацияларын қорғады.

Негізгі ғылыми және оқу-әдістемелік жарияланымдар:

  1. Б.Майтанов және қазақ әдебиеттану ғылымы//Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы.Филология ғылымдары сериясы, №2 (56), 2016 ж.,0,6 б.т (188-192 б.б)
  2. Қазақ тарихының білгірі (І.Есенберлиннің тарихи романдары негізінде)// Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы,№2,2016 ж.,0,6  б.т.(201-206 б.б)
  3. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың ұлттық әдебиеті және І.Есенберлин шығармашылығы//Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы, №5,2016 ж.,0,7 б.т (212-217 б.б.)
  4.  Білім беру мазмұнын жаңартудың маңызды шарты ретінде үштілді білім беруді жүзеге асыру// «Білім берудегі инновациялар:бағдарлар мен үрдістер» VIII халықаралаық  ғылыми-әдістемелік конференция материалдары, 30 сәуір 2016 ж. Қазақстан ПҒА, 0,4 б.т (55-58 б.б) 
  5.  Алаш қайраткерлері және ХХ ғасырдағы қазақ қоғамындағы жер мәселесі// «Әлихан Бөкейхан және тәуелсіздік мұраты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті. –Астана 2016, 0,5 б.т (136-139 б.б.)
  6. Романның көркемдік-эстетикалық құндылығы Т.Рахымжанов зерттеулерінде// «Ғылым.Ғалым.Ғибрат»: көрнекті ғалым, ақын, публицист, жазушы Теңізбай Рахымжановтың туғанына 70 жыл толу мерейтойына арналған Республикалық конференция материалдары,  22 сәуір 2016 ж.-Алматы:Нұрай Принт Сервис, 2016, 0,4 б,т.(30-33 б.б)
  7. Тау тұлғалы қаламгер жайлы бірер сөз// Ақын-жазушылар М.Иманжановпен Б.Бұлқышевтың 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми конференция материалдары. «Ұлытау және ұлт» тарихи-танымдық, көркем-әдеби журналы, қазан 2016 ж., 0,4 б.т (27-30 б.б)
  8. Алаш қайраткерлері мұраларындағы қазақ тілінің  хал-ахуалы// «Тарих кеңістігіндегі тілдерді дамытудың өзектілігі» атты республикалық ғылыми-практикалық  конференция материалдары. Қарағанды, 2016 ж., 0,4 б.т (28-32 б.б)

Біліктілікті арттыру және тағылымдама
Ақмола атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық институты
Қытай Халық Республикасы, Кулжа, Іле институты
Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы
Ресей Федерациясы, Мәскеу
Гумилев атындағы «Отырар

Көтермелеу сыйлығы және алғыс хат
«Қазақ КСР халық білімінің көрнекті қызметкері» (1991);
Еңбек ардагері (1991), Шет ауданының құрметті азаматы (2000);
Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасының иегері (2009);
«Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2009);
Мәдениет қайраткері «төсбелгісінің иегері (2009);
2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің «Тіл майталманы» мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін;
Үстіміздегі жылдың наурыз айында А.Байтұрсынов атындағы ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының күміс медалімен марапатталды;
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (2017);
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранты (2015).