Ғылым және халықаралық байланыс басқармасы

«Bolashaq» Академиясының Ғылым және халықаралық байланыс басқармасы Академияның ғылыми, инновациялық және халықаралық қызметін үйлестіретін дербес құрылымдық бөлімшесі ретінде саналады және ғылыми жұмыс пен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректорға тікелей бағынады. Басқарма өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, Академия Жарғысын және ішкі нормативтік актілерін басшылыққа алады.

Басқарманың негізгі міндеттері – іргелі және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру мен сүйемелдеу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, келісімдер мен меморандумдар дайындау, гранттық жобаларға қатысу, профессор-оқытушылар құрамының жарияланымдық белсенділігін арттыру. Сонымен қатар, басқарма Академияның ғылыми журналдарын, соның ішінде «Қазіргі заманның маңызды мәселелері» журналын редакциялық-баспа тұрғысында сүйемелдейді және ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға ықпал етеді.

Басқарманың функциялары:

  • ғылыми және халықаралық қызметтің жылдық және перспективалық жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
  • ғылыми-зерттеу жобаларын дайындауды және сараптауды ұйымдастыру;
  • гранттар, жарияланымдар және ғылыми іс-шаралар бойынша есеп жүргізу;
  • профессор-оқытушылар құрамының ұлттық және халықаралық ғылыми бағдарламаларға қатысуына ықпал ету;
  • рейтингтер мен аккредитациялар үшін құжаттарды дайындау және сүйемелдеу;
  • Ғылыми-техникалық кеңеспен, кафедралармен және Академияның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды үйлестіру;
  • «Қазіргі заманның маңызды мәселелері» ғылыми журналын сапалы шығаруды қамтамасыз ету: нөмірлерді жоспарлау, рецензия ұйымдастыру, халықаралық дерекқорларға ілгерілету.

Өз қызметінде Басқарма Ғылыми-техникалық кеңеспен, кафедралармен, кітапханамен, IT-орталықпен, сондай-ақ сыртқы ғылыми және білім беру ұйымдарымен белсенді түрде ынтымақтасып, академиялық ғылым мен халықаралық байланыстардың дамуына жағдай жасайды.

Хасенов Болат Рашидович

Ғылым және халықаралық байланыс басқармасының бысшысы