«Дебат қозғалысы – жаңа заман талабы» – білім беру бағдарламасы білімнің гуманитарлық жүйесін нақты көздейтін жаңа бағыттағы үйірме. Студенттердің пікір-сайыстарға араластыруға, өз бетімен ізденуге, білім алу және жалпы шығармашылық белсенділігін арттыруға көзделген. Пікір-сайыстарға дайындық барысында студенттер белгілі – бір тақырып бойынша мәлімет жинастырып, оларды қарама – қарсы бағыттарды қолдайтын екі түрлі позицияға арналған жоспарға топтастырылады. Жас пікірсайысшылар ең танымал және көп таралған АПФ (Американдық Парламенттік Форматы) форматында ойнайды. Олар жақтау және даттау топтарының кейстері. Осының нәтижесінде студенттер кез-келген мәселеге біржақты көзқараста болудан арылып, терең, сын тұрғысынан студенттерді, сонымен қатар парламент мүшелерін бөлудің әртүрлі жолдарын қарастыруға болады. Мысалы: психологиялық тренинг, сергіту, ойын элементтері арқылы, екінші СТО элементі жуан, жіңішке стартегиясы арқылы сұрақ жетегімен бөлуге болады. Жалпы пікір- талас, талқылау, дискуссия, диалог, бір мәселені көпшіліктің талқысына салу ақиқатқа жетудің ең кең тараған және оң нәтиже бере алатын формасы болып табылады. Алайда бұның да өз қыр-сырлары көп. Ең алдымен ол пікір-сайыстыратын мәселенің күрделілігі, кез-келген мәселе бойынша біріміз ақиқат деп білетін нәрсе басқаға мүлде олай емес.
Пікір – талас барысында адамдар ортақ мәселе жайлы өз пікірлерін ортаға салады, олардың әр түрлі болуы заңды, пікір сайыстар арқылы тараптар ой бөлуге, өз көзқарастарының кемшіліктерін ашып, оларды ұштауға, кемелдендіруге мүмкіндік алады. Қысқасы, ақиқаттың ең озық таразысы көзқарастар бәсекесі. Пікір-сайыс логикалық, психологиялық, адамгершілік және көптеген басқа аспектілерді қамтиды.Үлкен додалар өткізіп, оқушылардың лидерлерін анықтауға тигізер септігі бар.
Өзіндік көзқарасы бар, айналаны сыни тұрғыдан барлап, бағалайтын, шешім шығаруда өзгенің ойын таразылап, өз ойын өткізуге сенімді тұлға қалыптасуына септігі тиеді. Әртүрлі саладағы ғылымның теориясы мен практикасына терең бойлау былай тұрсын, оның тарихы, маңыздылығы, өміршеңдігі, пайдасы мен зиянында таразылай алатын дәрежеге жеткізеді. Білім беру бағдарламасының жан-жақты, тереңдетілген жайын ашады..
Пікір-сайыс әдеттегі пән олимпиадалары секілді. Жүйемен өткізілетін әр түрлі деңгейдегі пікір-сайыс бәсекелері арқылы жүзеге асыруға болады.
Мақсаты:
Заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Пікірсайыс турнирлерін ұйымдастыру, үздіктерді анықтап, ынталандыру. Студенттерді қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық пікірсайыс турнирлеріне қатыстыру, тәжірибе алмасу арқылы үздік натижелерге қол жеткізу.
Міндеттері:
- Студенттердің шығармашылық қабілеттерінің айқындалуына мүмкіндік беру;
- Шешендік өнер және жұрт алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасқан талантты жастарды анықтау;
- Студенттер арасында пікір-сайыстың деңгейін көтеру;
- Студенттердің сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
- Өз Отаны Қазақстан, оның басты құндылықтарын құрмет тұтып, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру;
- Студенттердің жауапкершілігінің және танымдық қабілеттерін түрлі пікірталастар арқылы ортаға салу;
- Студенттердің коммуникативтілікке, сөйлеу мәдениетіне, сөз өнеріне, тұжырымды ойын дәлелдей білуге баулу;
- Студенттің өзін – өзі тәрбиелеуіне, өзін жіне өзгені бағалай білуге үйрету;
- Сұлулықты түсіне білуге, өз Отанына, атамекеніне деген патриотымыз.
- Білікті, оқу – тәрбие беру;
Күтілетін нәтиже:
- Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану;
- Пікірсайыс арқылы белсенді азаматтық позициясы бар, жаңарған қоғамның жаңа азаматтары тәрбиеленеді.
- Басқа адамдардың көзқарастарымен санаса алатын озық ойлы азаматтардың қатарын көбейту;
- Студенттердің өз бетімен білім алуға, ізденуге дағдыландырады;
- Студенттердің бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауларына, пікір алмасуына, қарым-қатынас диалогін орнатуға мүмкіндік туғызады.
- Саяси сана сезімі, қоғамға көзқарасы ерекшеленеді
- Оқулық арқылы берілетін әдеби құндылықты терең меңгереді.
- БАҚ құралдарын, кітапхана оқулықтарынан қажетті мәліметті ала алады.
- Жұрт алдындағы сайыстарға еркін қатысады.
- Заман талабына сай туындаған жастардың өзекті мәселерін талқылап оның шешілу жолында үздік ұсыныстар дайындау.