2025 жылдың 14 қарашасында Қарағанды облысы көлемінде жастардың білімге, ғылымға және қоғамдық өмірге қосқан үлесін бағалау мақсатында ұйымдастырылған «Жыл студенті – 2025» атты салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Осы айтулы шарада «Bolashaq» академиясының құқықтану білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Кадрин Тілеген Берекеұлы өз білімділігімен, белсенділігімен, жоғары азаматтық ұстанымымен дараланып, «Жыл студенті» атағына ие болды. Бұл — тек бір студенттің емес, бүкіл академиямыздың жеңісі!
Тілеген — өз ісіне адал, білім жолындағы талапты жас. Оның ізденісі мен табандылығы, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуы, құқық саласына деген қызығушылығы және адамгершілік қасиеттері жастарға үлгі боларлық.

Бұл марапат — Тілегеннің ғана емес, ұстаздарының, академия ұжымының, болашақ заңгерлерді тәрбиелеуге атсалысып жүрген барша азаматтардың еңбегіне берілген баға.
Марапат иесін шын жүректен құттықтай отырып, білім көкжиегі кең, мақсаты биік, жүрегі таза студентімізге жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

«Білімдіге дүние жарық» демекші, осындай жастар – еліміздің ертеңгі тірегі, үміті.