Жоғары білім берудегі жасанды интеллект: оқытушылар мен жоғары оқу орындары басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы

Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығы мен Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университеті оқытушыларға, ЖОО басшыларына және білім беру саласының мамандарына арналған «Жоғары білім беру және ғылым жүйесінде жасанды интеллектіні пайдалану» атты біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

«Bolashaq» Академиясы атынан курсқа ДОТ және IT-қолдау орталығының жетекшісі С. О. Исмагулов қатысты.

Оқу гибридті форматта өтті: 10–17 наурыз аралығында онлайн кезең ұйымдастырылса, 19–20 наурыз күндері ALT Университеті базасында практикалық бөлім өтті. Қатысушылар білім беру мен ғылым саласында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін, заманауи цифрлық құралдарды, халықаралық және қазақстандық тәжірибелерді зерделеп, жоғары оқу орындарының қызметіне AI енгізудің өзіндік сценарийлерін әзірледі.

Курсты Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының бірінші вице-президенті А.А. Абишев жүргізді. Ол өз сөзінде жасанды интеллект технологияларын жоғары білім беру жүйесіне жүйелі түрде енгізудің маңыздылығын атап өтіп, университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақты дамуы бүгінгі таңда цифрлық трансформацияға тікелей байланысты екенін айтты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.