«Bolashaq» Академиясының 7М04201 Құқықтану білім беру бағдарламасының 2013 жылдың түлегі, шәкіртіміз Тапакова Вилора Башкирқызы Еуразия ұлттық университетінің Диссертациялық Кеңесінде докторлық диссертациясын жоғары денгейде сәтті қорғап шықты.
Диссертация тақырыбы: “Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекет жауапкершілігін арттырудың теориялық-құқықтық мәселелері: Ұлттық және шетелдік тәжірибе”
Ғылыми жетекшісі заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедра профессоры, атақты заңгер – Абдрасулов Ермек Баяхметұлы.
Вилора Башкирқызы Еуразия ұлттық университетінің докторантурасын аяқтағаннан соң, көп жыл ғылым жолында еңбек етіп, іздене отырып өз мақсатына жетті. Бұл деген қеремет жетістік, өйткені қандай қиыншылықтар болса да, өз арманына жету – үлкен жеңіс!

Сіздің табандылығыңыз және ғылымға деген сүйіспеншілігіңіз кімді де болсын шабыттандырады. Сіз таңдаған салаңызда өз құзыреттілігіңізді дәлелдеп қана қоймай, сіздің тәжірибеңіз бен сәттілігіңізден күш ала алатын жас ғалымдарға үлгі болдыңыз.
Сізге одан әрі ғылыми жеңістер, жарқын идеялар мен инновациялық шешімдер тілейміз! Бұл кезең жаңа көкжиектердің, зерттеулер мен жетістіктердің бастамасы болсын. Сіз ең жоғары жетістіктерге лайықсыз және сіздің алдыңызда тек жақсы сәттер болатынына сенімдіміз.
Болашақта ғылымның биік шыңдарынан көріне беріңіз!
Қадірлі шәкіртімізді үлкен жетістіктікпен құттықтаймыз!
Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының ұжымы.