ЖАНСАЯ КАДРИНА – «BOLASHAQ»АКАДЕМИЯСЫНДА «БІЛІМ ЖҰЛДЫЗЫ» СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

«Білім Жұлдызы» стипендиясын «Dauletten» қайырымдылық қоры 2020 жылдан бастап білімді, талантты жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырды.

Стипендия тағайындаудың мақсаты-әлеуметтік жағдайына және қазіргі заманғы қоғамдық талаптарға жауап беретін дағдыларын дамытуға байланысты елдің колледждері мен жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерге қаржылық қолдау көрсету. Стипендия оқуда, ғылымда және әлеуметтік өмірде белсенді талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі.

Ағымдағы жылдың 26-27 мамырында Астанада «Білім жұлдызы-2025″ жобасының жеңімпаздарын «Dauletten» қорының салтанатты марапаттау рәсімі өтті, онда биыл біздің Академиямыздың ПМНО- 24-2 тобының студенті Жансая Кадрина жеңімпаз болып танылды!

Біз Жансаяны шын жүректен құттықтаймыз – және оған оқуда және ғылыми жұмыстарда жаңа биіктерге жете беруін – ЖҰЛДЫЗ сияқты жарқырай түсуін тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.