2026 жылғы 19 наурыз күні Bolashaq Академиясының «Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасы Академияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 игі іс» науқаны аясында ерекше мазмұнды мерекелік іс-шара өткізді.


Аталған шара Қазақ зағиптар қоғамы ҚБ Қарағанды оқу-өндірістік кәсіпорнының қызметкерлеріне арналды. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың еңбегіне құрмет көрсету және ізгілік құндылықтарын насихаттау болды.
Мерекелік кеш барысында қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын концерттік бағдарлама ұсынылып, жүрекке жылы тиер тілектер мен шынайы лебіздер айтылды. Қатысушылар үшін бұл күн ерекше әсерге толы болып, рухани қолдау мен қуаныш сыйлады.


Іс-шараға Академияның белсенді студенттерімен қатар «Мейірім» волонтерлік ұйымының мүшелері де белсене қатысып, ұйымшылдық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Олар мерекелік бағдарламаны ұйымдастыруға атсалысып, қонақтарға ерекше ықылас танытты.
Осындай игі бастамалар арқылы қоғамда мейірімділік, өзара қолдау және қамқорлық сынды адамгершілік құндылықтардың маңызы арта түсетіні сөзсіз. Bolashaq Академиясы алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып, қайырымдылық шараларын жалғастыра бермек.