2024 жылғы 16 мамырда Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қабырғасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” Ұлттық құрылтайының қорытындыларын талқылау жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде “Заң және тәртіп – қоғамның негізгі басымдықтары” тақырыбында өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Қарағанды облысының ғалымдары, практикалық қызметкерлері, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты. Біздің академиямыздан Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы “Заңдылық пен құқықтық тәртіп қазақстандық қоғамның құқықтық мәдениетінің әлеуметтік критерийлері ретінде” тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияның мақсаты өзекті ғылыми және практикалық біліммен, сондай-ақ заңды сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты тәжірибемен алмасу үшін платформа құру болды.
Қатысушылар конференция тақырыбы бойынша ауызша баяндамалар түрінде құқық және қоғамдық қауіпсіздік саласындағы зерттеулердің нәтижелерін, идеяларын, тәжірибесі мен әзірлемелерін ұсынды.
Жалпы конференция жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтті. Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың идеясын түсіндіру аясында қойылған мәселелер бойынша жемісті пікірталас түрінде барынша белсенділік танытты.