ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР, ГУМАНИТАРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЛІМГЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

30 қарашада Ресей халықтар достығы университетінде онлайн-режимде “Көпмәдениетті кеңістіктегі маманның коммуникативтік мәдениеті” атты ХХVI Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты көпмәдениетті білім берудің өзекті мәселелері саласындағы студенттердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жинақтау, ғылыми жетістіктермен алмасу, сондай – ақ студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту болды.

Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференция жұмысына РХДУ медициналық институтының директоры А.Ю. Абрамов( Ресей Федерациясы); РХДУ аграрлық – технологиялық институтының директоры Э. А. Довлетярова( Ресей Федерациясы); п.ғ.д., профессор В. Б. Куриленко-РХДУ медициналық институтының орыс тілі кафедрасының меңгерушісі( Ресей Федерациясы); п.ғ.к., доцент Г.К. Бокижанова – “Bolashaq” Академиясының Гуманитарлық педагогика орталығынан (Қазақстан Республикасы); ф.ғ.к., доцент Е.П. Пустошило – Гродно мемлекеттік медицина университетінің (Беларусь Республикасы) орыс және Беларусь тілдері кафедрасының меңгерушісі; және Гродно мемлекеттік медицина университетінің (Беларусь Республикасы) оқытушысы Ю.И. Окуневич қатысты.

“Bolashaq” Академиясынан студенттер баяндама жасады:

1. Нұрманова Қарлығаш. (ПМНО-24-1с, ғылыми жетекшісі-п.ғ.к., доцент Бокижанова Г. К.). Тақырыбы: “Мария Рамазанқызы Кондубаева – лингвист ғалым”.

2.Позднякова Александра (ДОВ-24-1с, ғылыми жетекшісі-п.ғ.к., доцент Бокижанова Г.К.). Тақырыбы: “Турсунов Д.Т. – зерттеуші ғалым”.

3.Цурикова Мария (ДОВ-24-1к, ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., доцент Әбілқасымова Г.). Тақырыбы: “Профессор Х.М. Сайкиевтің ғылыми қызметі”.

4.Лоскутова Наталья (ДОВ-24-1к, ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., доцент Шалтаева Р. Ж.). Тақырыбы: “Копыленко М. М. − Қазақстанның лингвист ғалымы”

5.Качмашева Диана (ДОВ-24-1к, ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Жанысбаева Р.М.). Тақырыбы: “Нұртазина Р. Б. − жаңашыл педагог”.

п.ғ.к., доцент Бокижанова Г.К.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.