Ғылыми байланыстарды нығайту: «Bolashaq» Академиясындағы маңызды кездесу

«Bolashaq» Академиясының ғылыми өмірінде маңызды оқиға орын алды: оқу ордамызға қонақ ретінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор, шет тілдері факультетінің деканы Костина Екатерина Алексеевна келді. Ол – Ресейде ғана емес, шет тілдерін оқыту саласында халықаралық деңгейде танымал маман.

Академия білім алушылары үшін ашық дәріс өткізіліп, сонымен қатар алдағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Bolashaq» Академиясы мен Жаңасібір мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы желілік университет аясындағы серіктестікті жүзеге асыру жолдары қарастырылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.