«Bolashaq» академиясы 2026 жылғы 14–21 қаңтар аралығында Академияның 30 жылдық мерейтойына орай «Ғылым және жоғары білім: саясат, практика, перспективалар» тақырыбындағы Қысқы мектеп – 2026 ұйымдастырылатыны туралы хабарлайды.
Қысқы мектептің мақсаты – қатысушыларда ғылым мен жоғары білімнің заманауи сын-қатерлері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, басқарушылық, зерттеушілік және әдістемелік құзыреттерді дамыту.
