6 сәуір күні «Bolashaq» Академиясы ЖББ кафедрасының оқытушылары Д.Д.Мукушев пен Г.Б. Макажанованың ұйымдастыруымен волейболдан 2,3 курстар арасында жарыс өтті. Жарыс «Аманат» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Жарыста кафедралардан құралған 2-3 курс студенттері бақ сынады.





Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді.Сол спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі – волейбол. Волейбол ойнау реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті қалыптастыруға көмектеседі, тыныс жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады, жалпы алғанда организмге игі әсер етеді. Жарыс өте тартысты өтті.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
1 орын – 2 курс
2 орын – 2 курс (2топ)
3 орын – 3 курс
Кубок жеңімпаздары грамоталар, алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!