Бүгін шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының гимназия №1-дегі филиалында «Using AI Tools in Speaking Practice» тақырыбында бірлескен ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар гимназия мұғалімдері мен Академия оқытушыларының тәжірибе алмасуына және білім беру үдерісіне жасанды интеллект құралдарын тиімді енгізу жолдарын талқылауға арналды.


Семинар спикерлері – кафедраның аға оқытушылары Альжанова А.Ы. және Әбілжан А.Б.
Семинар жұмысына педагог-модератор Рахимбаева Б.Т. қатысты.
Сонымен қатар Бондарь Т.С. және Колябина Г.М. өз пікірлерімен бөлісті.


Кездесу барысында speaking дағдыларын дамытуда AI құралдарын қолдану, виртуалды аватарлармен жұмыс, интерактивті тапсырмаларды интеграциялау және оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілдері қарастырылды.
Семинар мұғалімдер мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жаңа жобалар мен бірлескен бастамаларға жол ашты.