2024 жылғы 28 қарашада “Фармация” кафедрасының эдвайзерлері Темиреева Н.Б., Темиреева К.С. студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты кураторлық сағаты өткізді.
Кураторлық сағатының мақсаты студенттерге «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, студенттерді таза жолмен жүруге, адалдыққа үйрету және өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу екендігін жеткізу. Іс-шара барысында студенттерге сыбайлас жемқорлық туралы сұрақтар қойылып бейне роликтер көрсетілді және студенттер белсене ат салысты.
Қорытындылай келе біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ екендігі айтылды. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.