🔰2025 жылғы 28 наурызда «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасы «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы» пәні бойынша «Қылмыстық құқық білгірлері» өңірлік олимпиадасын өткізді.

✅Қатысу үшін «ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы және Ерекше бөлімдер)» пәнін оқитын Қарағанды ЖОО студенттері шақырылды. Олимпиадаға қаланың 5 жоғары оқу орнынан 8 команда қатысты.

🔰»Bolashaq» Академиясының «Құқықтану» Білім беру бағдарламасының екінші және төртінші курс студенттері де осы айтулы жарысқа қатысты!


🔰Ю-23-2 тобының студенттері «JurisVibe» командасын құрып, II орынға ие болды, ал Ю-21-1 тобының студенттері «Құқық қорғаушылар» командасының құрамында III орынға ие болды.
🎊Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен арнайы медальдар табысталды!

Команда жетекшілері:
🔹«JurisVibe» – Жукен І.А.
🔹 «Правозащитники»– Ахметова А.К.