2025 жылдың 14 наурызында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Р.Х.Абдрахманов, Жалпы білім беру кафедрасының аға оқытушысы Д.К.Айтжан және «Bolashaq» академиясының студенттері тобы кәсіби бағдар жұмысы аясында Теміртау қаласының мектептерімен кәсіби бағдар жұмысын жүргізіп қайтты.

Серіктес қаламыздың №21 ЖББОМ, №24 ЖББОМ, №19 ЖББОМ, Т.Әубәкіров атындағы гимназияларда жарнамалық-ақпараттық буклеттер таратылып, академия ББ жайында дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, сұхбаттар жүргізілді. Мектептердің 11 сынып оқушыларымен кездесіп, оқу орны жайында толық мағлұмат беріліп, түлектеріміздің мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты әңгіме айтылды. Академия студенттерінің жетістіктері, сондай-ақ оқытушылық құрамы жайлы мәліметпен таныстырды, оқушылар тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап берілді.

