16.05.2025ж «Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары» атты куратор сағаты өтті. К-23-1к тобының студенттеріне судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігі туралы ақпарат берілді.

Олар:
- Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары;
- Көлдерде, тоғандарда, шалшық суларда шомылудың қауіптері;
- Қол-аяқтың тырысып қалуы кезіндегі әрекет;
- Су иірімінен шығудың тәсілдері;
- Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет;
- Суық судың қауіптілігі;
- Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек және т.б.



Студенттер өз ойларын ортаға салып, пікірлесті, сұрақтарға толық жауап ала алды. Қала маңында қай жерлерде суға түсуге болмайды, қай жерлерде суға түсуге болатындығы айтылып, орындары таныстырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау екендігін ұғындыру.