Фармакогност  ғылыми үйірмесінің жұмысының ұйымдастырылуы.

2025 жылдың 29 қыркүйегінде  фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Тулебаев Е.А. және оқытушысы Темиреева Н.Б. Фармакогност  ғылыми үйірмесінің жұмысы бойынша студенттермен  START-UP  идеялар талқылап, алғашқы ұсыныстар жасалды. Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше қуантты!  START-UP конкурсы  Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы 2025 жылдың 17-18 қазанында «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің XII-ші халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді. Бұл ғылыми жобаға келесі қатысушылар белсене атсалысуда: Фм-21-2 топ  студенті – Кусаинова Айгерім ,  Фм-23-2 топ студенттері-  Карабаева Гулнур Аскаровна,  Жусипова Милана Маратовна,   Фм-24-2 топ студенті – Сахиева Айдана Нартаевна,  Фм-25-2 топ студенті – Койшибай Қоблан Алматайұлы .

Жобаның негізгі мақсаты

– фармацевтика саласын дамыту және табиғи өнімдерге негізделген бағытты ілгерілету.

– фармация саласы бойынша студенттердің кәсіби білімін арттыру, практикалық тәжірибесін дамыту және инновациялық идеяларды жүзеге асыруға қолдау көрсету.

Команда алдағы уақытта осы ғылыми жоба бойынша жүлделі орындарды бағындыруды көздейді.

 Дайындалған  жоба Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында таныстырылатын болады. Қазір ІІ кезең басталу үстінде. Сәттілік тілей отырып –  тек қана Алға дейміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.