«Болашағыңды «Bolashaq» ЖОО-мен бірге таңда» атты кәсіби бағдар беру жұмысы

13.03.25 жылы фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары м.ғ.к. доцент Блялев С.А, аға оқытушы Темиреева К.С, ФМ-23-2 тобының студенттері Жусипова Милана, Сарсенбаева Зарина Темиртау қаласының мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Атап айтқанда ЖББОМ  №11,31,14,15,16,22,17 мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен және осы мектептердің кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты мұғалімдермен кездесіп «Bolashaq» Академиясының білім беру бағдарламалары туралы толық мәліметтер берді. Талапкерлерді оқуға қабылдау ережесімен және оқуға түсу үшін қандай  құжаттар тапсыратындықтары туралы айтылды. 2025-2026ж оқу жылына бірнеше категориялар бойынша оқу төлеміне жеңілдік қарастырылғанын пайыздық көрсеткіштермен атап өтті. Сонымен қатар «Bolashaq» Академиясы туралы презентация, видео-роликтар көрсетіліп, буклеттер таратылды. Жоғарыда аталған әр сыныпта оқушылардың саны 20-60 қа дейін жетеді. Білім беру бағдарламалары (бакалавриат) бойынша оқушыларға бірқатар  ақпараттар берілді. Атап айтқанда академияда академиялық ұтқырлық бойынша жүйелі жұмыс ұтқырлық ішкі және сыртқы бағытта жүзеге асырылатындығы айтылды. Ішкі ұтқырлық студенттері Академия ішіндегі басқа білім беру бағдарламалары арасында білім алмасу мүмкіндігіне ие болса, сыртқы ұтқырлық студенттерге шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық аясында шетелде білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, академияның Халықаралық бағдарламалары мен серіктестік байланыстары арқылы студенттердің білім деңгейін арттыруға бағытталған түрлі мүмкіндіктер ұсынылды.

Кәсіби бағдар беру жұмысының соңында оқушылар бірқатар сұрақтар қойды: Жатахана жағдайы, мемлекеттік гранттар,оқу бітіргеннен кейін алған дипломдары  басқа елдерге жарамдылығы туралы және т.б.  Оқушылардың қойған сұрақтарына толықтай жауап берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.