2025 жылғы 13 маусымында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атын-дағы Қарағанды академиясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі конституциялық құқық механизміндегі ішкі істер органдарының рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы аясында құқық қорғау органдарының адам құқықтарын қорғаудағы рөлін талқылау және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру.
Конференцияның негізгі бағыттары:
1. Ішкі істер органдарының (полиция) қызметінде Конституция үстемдігін қамтамасыз ету: ұлттық және шетелдік тәжірибе.
2. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін іске асыру механизіміндегі ішкі істер органдарының рөлі.
2.1. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында қылмыстық заңнаманы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттары.
2.2. Қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу кезінде заң-дылықты іске асыру мәселелері.
3. «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру: полиция мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының перспективалары.
3.1. Құқық бұзушылықтардың алдын алу адам құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктерін іске асыруды және қорғауды қамтамасыз ету құралы ретінде.
3.2. Дағдарыстық коммуникацияларды басқару: конституциялық прин-циптерді ескере отырып, ішкі істер органдарының ақпараттық ден қою ал-горитмдері.
Біздім академиядан қатысқандар:
Кабжанов Акылбек Тайбулатович, Алтайбаева Гульнур Муратовна, Жакып-Жан Акнур Тлеугабыловна, Жукен Инкар Асыгатовна. Ғылыми мақала тақырыбы ««Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде адам құқықтарын сақтау мәселелері».


Қатысушылар мен баяндамашылар
Конференцияға қатысушылар қатарында:
- Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы;
- Құқық қорғау органдарының өкілдері;
- Құқық саласындағы ғалымдар мен сарапшылар.
Баяндамашылар өз сөздерінде:
- Конституциялық құқықтардың қорғау механизмдерін жетілдіру жолдарын;
- Ішкі істер органдарының адам құқықтарын қорғаудағы рөлін;
- Заң үстемдігін қамтамасыз ету шараларын талқылады.
Аталған іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін Академия басшылығына, ұйымдастыру комитетіне және барша қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз.
Конференция барысында көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстар құқық қорғау саласындағы теория мен практиканың дамуына өз үлесін қосатынына сенімдіміз.
Осындай мазмұнды және пайдалы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады деген үміттеміз.