«Шықшы тауға, қарашы кең далама…» өлкетану экспедициясы өтті

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Шықшы тауға, қарашы кең далама…» атты өлкетану экспедициясы өтті. Іс-шараға «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4-ші курс студенттерінен құралған “Жауһар” тобы қатысты.Топ мүшелері:Шари Қымбат, Көрпебаева Аружан, Сыздық Диляра, Рысмағанбетова Меруерт.


Іс-шараның мақсаты — Қасым Аманжоловтың еңбектерін зерттеп,оны келер ұрпаққа өшпестей мұра етіп қалдыру, студенттердің қызығушылығын оятып, ақынның рухани және мәдени мұрасын келешек ұрпаққа дәріптеу. Экспедиция 2 күнге созылды. Өлкетану экспедициясы Қасым ауылынан басталып, әрі қарай Сарыобалы ауданы және Қарқаралы қаласы аялдамаларында аяқталды.

Іс-шара барысында студенттер ақын-Қасым Аманжоловтың өлеңдерін жатқа оқып, ұлы тұлғалар туралы және Қарағанды облысының тарихы бойынша сұрақтарға жауап берді. Қасым Аманжоловтың шығармашылығынан (өлеңдері, әндері, кітаптары және т.б) үй тапсырмасы ретінде бейнероликтер көрсетіліп, қазылар алқасының берген тапсырмалары бойынша “Өлеңмен өрілген сурет” атты ақынның шығармашылығына қатысты сурет салу сайысы өткізілді. «Bolashaq» Академиясының “Жауһар”тобы арнайы дипломмен,және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Экспедиция өте жоғары деңгейде өтті. Барша ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.