2025 жылғы 24 желтоқсанда «Bolashaq» Академиясының «Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы» кафедрасы «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері мен осы білім беру бағдарламасының 2023 жылғы түлегі Сұлтан Аяжанның кездесуін ұйымдастырды.
Іс-шара түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру аясында өткізілді.

Кездесу барысында Сұлтанова Аяжан Польша Республикасындағы магистратурада оқу арқылы академиялық траекториясын жалғастыру жөніндегі жеке тәжірибесімен бөлісті. Шетелдік жоғары оқу орындарына түсу тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, білім беру үдерісінің ерекшеліктері, сондай-ақ халықаралық білім беру ортасындағы академиялық және әлеуметтік-мәдени бейімделу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Түлек еуропалық университеттерде білім алудың артықшылықтары, кәсіби дамудың перспективалары және жаһандану жағдайында шетел тілдерін меңгерудің маңызы туралы жан-жақты баяндады. Ұсынылған ақпарат студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әрі қарай білім алу мен мансаптық өсуге қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.


Осындай кездесулерді өткізу білім алушылардың кәсіби ой-өрісін кеңейтуге, білімін жалғастыруға деген уәждемесін қалыптастыруға, табысты кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына, сондай-ақ түлектер мен кафедра арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
