Шетел ғалымымен онлайн форматтағы дәріс

11 сәуір 2025 жылы «Bolashaq» Академиясында Өзбекстан Республикасы, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті Қарақалпақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, ғалым, түрколог, Қарақалпақ Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты Абдиназимов Шамшетдин Нажимұлы «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының 1-2 курс студенттеріне «Орта ғасырлардағы Қыпшақ жазба ескерткіштері» тақырыбында онлайн форматта дәріс оқыды.

Дәріс барысында қыпшақ жазба ескерткіштері көне түркі тілдеріндегі жазба ескерткіштердің маңызды бөлігі және қыпшақ тілінде жазылған көне түркі тілдерінің дамуын зерттеуде маңызды дереккөздер айтылды. Қыпшақтардың жазба ескерткіштері көне түркілік мәдениеттің бір бөлшегі болғандықтан, олар түркі тілдерінің дамуы мен тарихын зерттеуде үлкен маңызға ие екені тілге тиек етілді.

Дәрісте қыпшақ тілінің грамматикалық құрылымы мен лексикасы, қыпшақ тіліндегі жазбалардың синтаксистік және морфологиялық ерекшеліктеріне тоқталды.

Бұл дәріс студенттер үшін өте құнды, өйткені орта ғасырлардағы түркі тілдері мен әдебиетінің дамуын, сондай-ақ қазақ тілінің қалыптасуындағы тарихи кезеңдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.