«Педагогика және психология», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерінің оқу (таныстыру) практикасы бойынша қорытынды конференциясы өткізілді

2026 жылғы 9 қаңтарда 6В01101 «Педагогика және психология», 6В01301 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 6В01102 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерінің оқу (таныстыру) практикасы бойынша қорытынды конференциясы өткізілді.

Практика жетекшісі – Шегай А.К.
Шақырылған қонақтардың қатарында кафедра меңгерушісі Абдрахманова А.С., сондай-ақ “Bolashaq” академиясы бойынша практикаға жауапты Жампеисова Л.С. қатысты. Конференция оқу жоспары мен практика бағдарламаларына сәйкес өткізілді. Конференцияның мақсаты – практиканы өту қорытындыларын шығару, алынған білім мен дағдыларды жинақтау, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалу деңгейін бағалау болды.Конференцияны өткізу форматы студенттердің практика нәтижелері бойынша есептерімен сөз сөйлеуін және оларды кейін талқылауды қамтыды.

Қорытынды конференция барысында студенттер төмендегілер бойынша есептерін ұсынды:
– практика өткен білім беру ұйымдарының құрылымы мен қызмет ерекшеліктері;
– мамандар қызметінің негізгі бағыттары;
– қызметті реттейтін нормативтік құжаттар мен ережелер;
– алынған білімдер мен практикалық тәжірибе.

Студенттердің көпшілігі практика таңдаған мамандықты тереңірек түсінуге ықпал еткенін, әрі қарай оқуға және кәсіби дамуға деген ынтасын қалыптастырғанын атап өтті. Конференция қорытындысы бойынша оқу (таныстыру) практикасы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізді деген қорытынды жасалды. 1 курс студенттері практика бағдарламасын сәтті меңгеріп, бастапқы кәсіби дағдыларды және болашақ қызметі туралы түсінік қалыптастырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.