Бүгін «Bolashaq» академиясында көктемгі семестрдегі алғашқы әрі кезекті оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Бұл — білім беру мазмұнына, оқу үдерісін ұйымдастыруға және студенттердің білім нәтижелеріне ықпал ететін прагматикалық шешімдер қабылданатын негізгі алаң. Дәл осы жерде білім беру бағдарламаларын жаңарту, инновациялық оқыту әдістемелерін енгізу және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз етуге бағытталған тәсілдер қалыптасады.


Отырысқа қатысушылар білім беру үдерісін жетілдіру мәселелерін, атап айтқанда, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын іске асыру, оқытушылардың біліктілігін арттыру деңгейі, біліктілік талаптарына сәйкес Академиядағы профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуы, оқу үдерісіне заманауи педагогикалық технологиялар мен цифрлық құралдарды енгізу және басқа да мәселелерді талқылады.


Отырыс қорытындысы бойынша білім сапасын арттыруға және білім беру бағдарламаларын заманауи талаптарға сәйкестендіруге бағытталған шешімдер қабылданды.
Әріптестерге сындарлы жұмыс пен кәсіби үлестері үшін алғыс білдіреміз!