2024 жылғы 20 желтоқсанда “Bolashaq” Академиясында жаңа жыл мерекесіне орай “New Year’s Eve Party” атты мерекелік концерт өтті!




Іс-шараның мақсаты: Академия студенттері мен оқытушыларына Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасы атынан “Жаңа жыл” мерекесімен құттықтау және “Құқықтық және қаржылық пәндер” кафедрасында оқып жатқан 4 курс студенттерімен қоштасу.
Концертті ұйымдастырушылар: “Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының” студенттері мен ұстаздары.
Мерекелік концерттің шымылдығын ашу “Bolashaq” Академиясының ректоры з.ғ.к., профессор Рысмагамбетова Гульнара Мусиевнаға бұйырды.

Кеш жүргізушілері Кадрин Тілеген мен Гиберт Ксения мейрамның көркін қыздырды.
Кеш қонағы ретінде Аяз ата мен Ақша қар келіп студенттер мен оқытушыларға ақ тілектерін арнап, қызықты ойын ойнатты.

Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының студентері ән-шашуы, билері жиылғандарға мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады.






Кеш соңында Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., профессор Кабжанов Ақылбек Тайбулатұлы 4-курс студенттеріне қоштасу сөз сөйлеп, келер жаңа жылмен құттықтады.

Жылыстап бара жатқан ескі жыл академиямыз үшін ауыз толтырып айтарлықтай айшықты жаңалықтарға толы болды. Әрбір қол жеткізген жетістігіміз, шыққан биік шыңымыз – академиямыздағы студенттер мен оқытушылардың еселі еңбегінің жемісі деп білеміз.
Келер жыл – жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын.
Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт-берекесімен, ырыс-несібесімен, толайым табыстармен келсін!