Бүгін, 14 ақпан күні, әлемдік кітап сүйер қауымның ерекше мерекесі – Халықаралық кітап сыйлау күні. Осы күнге орай аймағымыздағы іргелі білім ордасындасы «Bolashaq» Академиясында ерекше іс-шара өтті. Академия ректоры Қуанышбек Бұланұлы Аданов студенттерге кітап сыйлықтарын тарту етті. Кітаптың білім мен мәдениетке, тұлғалық дамуға қосатын үлесі зор екендігін атап өтіп, ректор бұл игі бастаманы жастарды рухани байыту және кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырды.


Іс-шара Академия кітапханасында өтті. Кітаптар әртүрлі жанрлардан, ғылым мен әдебиет салаларынан таңдалып, студенттер арасында таратылды. Ректор бұл күні білім беру саласына ғана емес, шығармашылыққа, танымдық дүниетанымға деген қызығушылықты арттыру қажет екенін атап өтті.

«Кітап – бұл адамзаттың ең бағалы қазынасы. Ол тек білім көзі ғана емес, рухани азық, жан дүниеңнің тазалығы мен кеңдігі үшін аса маңызды құрал», – деп пікір білдірді ректор.

Іс-шараға қатысқан студенттер аталған іс- шара бойынша ректорға алғыстарын білдірді. Олардың пікірінше, мұндай сыйлықтар студенттердің білімге деген ынтасын арттырып, оқу процесін жандандыруға ықпал етеді.
Бұл бастама Академияның дәстүрлі іс-шараларының бірі ретінде жалғасын тауып, жастарға кітап оқуға деген ынтаны арттыру үшін тағы да ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, студенттерге арналған кітап қорын кеңейту мен жаңа әдебиеттерді енгізу жоспарланып отыр.


Халықаралық кітап сыйлау күні тек қана кітап оқуды насихаттауға ғана емес, мәдениетімізді сақтау, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға да септігін тигізетін маңызды мереке болып табылады.


Халықаралық кітап сыйлау күні құтты болсын! Бұл ерекше күн сіздерге кітаптың бай әлеміне есік ашып, әрбір жаңа туынды арқылы жаңа ойлар мен идеяларға бойлау мүмкіндігі береді. Кітап – бұл тек білім көзі ғана емес, өзіңізді тану мен әлемді түсінудің құралы. Әрбір парақтан жаңа нәрсе үйреніп, өз әлеміңізді кеңейтіңіздер.


Алға, жас ғалымдар мен ізденушілер, кітап әлемінің терең тұңғиығына бойлап, өз болашағыңызға бағыт табыңыздар!