«Менің заңнамалық бастамам» байқауы

15 мамырда студенттер мен магистранттардың «Менің заңнамалық бастамам» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының өңірлік конкурсының қорытынды туры өтті.

Байқауды «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасы ұйымдастырды.

Байқау екі турда өтті. Бірінші турда сарапшылар ұсынылған жұмыстарды зерттеді. Сарапшылар кеңесі ұсынған ең үздік жұмыстар екінші, қорытынды турға өтті.

Конкурстың сараптамалық кеңесін заң ғылымдарының кандидаты, профессор, құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының меңгерушісі А.Т. Қабжанов басқарды.

Байқауға Академик Е. А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің және «Bolashaq» Академиясының студенттері мен магистранттары қатысты.

Конкурстың қорытынды турын ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Д.С. Асакаева құттықтау сөзімен ашты, ол осындай ғылыми іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың жаңа бастамаларына және кәсіби өсуіне сәттілік тіледі.

Екінші турда қатысушылар өздерінің бастапқы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін қорғады.

Баяндамалар қазылар алқасы мен байқауға қатысушылар арасында мүдделі қызығушылық пен белсенді пікірталас тудырды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен барлық қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.