Мен мамандық әлеміндемін

2025 жылғы 17 ақпанда “Педагогика” кафедрасының оқытушылары

Г.С. Махмутова мен Р. М. Жанысбаева Қарағанды қаласының “№66 мектеп-лицейінің” 10-11 сыныптарымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы “Мен мамандықтар әлеміндемін” тақырыбында әңгімелесу түрінде жүргізілді.

Әңгімелесу барысында “Bolashaq” Академиясы, оның соңғы жылдардағы республикалық рейтингтегі ең жоғары деңгейлері, студенттер саны, білім беру бағдарламалары, мәдени-демалыс өмірі, материалдық-техникалық базасы туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ білім сапасы, бакалавр дипломы, халықаралық қатынастар, оқу процестері мен жетістіктері туралы мәліметтер айтылды.

“Bolashaq” Академиясына түсу ережелері мен қала және облыс мектептерінен оқу орнына талапкерлерді тарту мақсатында жеңілдіктер айтылды. Мектеп оқушылары өздерін қызықтырған мәселелер бойынша барлық ақпаратты алды. Кездесу барысында “Bolashaq” Академиясының негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды, академияның өмірі туралы ақпаратпен танысу үшін буклеттер таратылды.

“№66 мектеп-лицейінің ” кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты Катиева Марина Руслановна алғыс білдіріп, Академиямен кәсіптік бағдар беру жұмысы тұрақты негізде жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.