Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 23 сәуірінде кафедраның аға оқытушылары Н.К. Касетова, Қ.Қ.Жанузахова «№66 мектеп-лицейі» КММ бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.




Талапкерлерге «Bolashaq» Академиясының білім беру бағдарламасы бойынша жалпы мәлімет беріліп, оқыту нысандары, білім беру сапасы, оқу-тәрбие процестері мен жетістіктері, күндізгі оқу нысанындағы студенттерге арналған ректорлық стипендиялар және жеңілдіктер, академиялық ұтқырлық туралы ақпарат ұсынылды және Академия туралы ақпараттық материалдар таратылды.