«Қазақстанның халық жазушысы және аудармашысы» тақырыбында дискуссия форматындағы кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары аға эдвайзер М.К. Абдрешева және «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының оқытушысы Д.А. Арапбаев. Іс-шараға ИН-23-1, ИН-23-2, ИН-22-1, ИН-22-2 топтарымен қатар 2-3 курс студенттері де қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Мұхтар Мағауиннің қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі, оның шығармашылық мұрасы, сондай-ақ аударма саласындағы еңбектері жөнінде өз ойларымен бөлісті. Дискуссия жазушы шығармаларының қазіргі ұрпаққа тигізер әсері мен олардың қазақ мәдениеті үшін маңыздылығы төңірегінде болды. Студенттер Мұхтар Мағауин шығармашылығының ұлттық мәдени мұраға құрмет көрсету жолындағы рөлі туралы пікірлерін білдірді.
Іс-шараның мәні – қатысушыларға көрнекті жазушының әдеби мұрасын тереңінен танып, оның мәдениетаралық коммуникацияны дамытудағы орнын түсінуге мүмкіндік беру, сонымен қатар Қазақстанның мәдени дәстүрлері мен құндылықтарына құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.