«Конституция-тәуелсіздіктің негізі!»

23 мамырда «Bolashaq» Академиясында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Қарағанды облысы Прокуратурасы басқармасының прокуроры Қарлығаш Сенбекқызы Сарбаевамен кездесті.

Конституция-бұл мемлекет пен азамат арасындағы берік келісім. Кездесу барысында заңның құқықтық мемлекет құрудағы маңызы мен рөлі талқыланды.
Студенттер белсенді сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.

Негізгі Заң – біздің жарқын болашағымыздың кепілі!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.