Әке туралы естелік

Досалов Темірхан  1913 жылы сол кездегі Қарағанды облысы,  Жаңарқа ауданы, Сталин колхозының №1 ауылында дүниеге келген.  1941 жылы соғыс басталысымен майданға аттанып, алғашқы екі жыл Ресейдің Псков облысындағы Великие Луки қаласындағы шайқастарға қатысады, одан соң Польшаның Люблин қаласында болады, сол жерде ауыр жарақаттанып елге қайтып оралады. Денесінде қалған оқтардан, әсіресе жүрек тұсындағы оқтардың зардабынан әкеміз қатті қасірет шекті. Әкемізді жиі-жиі Қарағанды қаласына ауруханаға жатқызуға алып кететін. Бір ай, екі айдай емделіп үйге қайтып келгенде есіміз шығып қуанатынбыз. Әкемізді ауылдың бетке ұстар азаматтары барып тосып алып, өздері үйге көлікпен жеткізетін. Шешемізді ешкім жалындырып көрген емес, ауыл азаматтары  біздің отбасымызға ғана емес, жалпы ауыл адамдарына қатысты бұндай  істерді  өздеріне парыз санайтын. Отыны жоққа отын түсіріп беру, шөбі жоққа шөп жеткізу сияқты игі істер көз алдымызда өтіп жататын.

Әкеміз өте мейірімді адам болатын. Ол кезде таяқтың заманы, бұзау жамырап кетсе, немесе сүт тасып кетсе шешеміз таяқ ала жүгіретін. Біз жүгіріп барып әкеміздің артына тығылып үлгеруге тырысатынбыз. Әкеміз:  «араша, араша», деп екі қолын бірдей көкке көтеретін. Шешеміз бізге қатал болса да  әкемізбен сөз таластырып, қарсы келіп көрген емес еді. Тамағын баптап, киім-кешегін, төсек-орнын таза ұстап, әкеміз қисайып дем алып жатса дыбысымызды шығармай қоятын.

Әкеміздің кереуетінің тұсында домбырасы ілулі тұратын. Ара-тұра көңілденгенде домбырасын қолына алып «Қайран жастық», «Жетіарал жерім-ай» сияқты әндерді айтатын, кейде «Елім-ай» әнін тыңқылдатып мұңайыңқырап отыратын. Жарасы жанына батып маза бермегендіктен болуы керек, соғыс туралы көп айта қоймайтын.

Иә, соғыс зардабы тимеген адам жоқ, ол біздің отбасымызға да үлкен соққы болып тиді. Әкеміздің ауырсынған, ыңырсыған дауысы әлі күнге шейін құлағымызға келеді. Сол жарақаттардың салдарынан әкеміз көп ауырып, қиналып, 1971 жылы 31қаңтарда қайтыс болды.

Әкеміздің марапат қағаздары, төсбелгілері, соғыстағы суреті бар болатын, бірақ олардың ешқайсысы әлдебір себептермен сақталмапты.

Бейбіт күнде де, Жеңіс күнінде де немерелері, шөберелері сұрағанда әкеміз туралы елжірей есімізге аламыз.

Главная » Новости » Әке туралы естелік

НОВОСТИ

Әке туралы естелік

ИЗМЕНИТЬ– Академия “Bolashaq”|Опубликовано 

Досалов Темірхан  1913 жылы сол кездегі Қарағанды облысы,  Жаңарқа ауданы, Сталин колхозының №1 ауылында дүниеге келген.  1941 жылы соғыс басталысымен майданға аттанып, алғашқы екі жыл Ресейдің Псков облысындағы Великие Луки қаласындағы шайқастарға қатысады, одан соң Польшаның Люблин қаласында болады, сол жерде ауыр жарақаттанып елге қайтып оралады. Денесінде қалған оқтардан, әсіресе жүрек тұсындағы оқтардың зардабынан әкеміз қатті қасірет шекті. Әкемізді жиі-жиі Қарағанды қаласына ауруханаға жатқызуға алып кететін. Бір ай, екі айдай емделіп үйге қайтып келгенде есіміз шығып қуанатынбыз. Әкемізді ауылдың бетке ұстар азаматтары барып тосып алып, өздері үйге көлікпен жеткізетін. Шешемізді ешкім жалындырып көрген емес, ауыл азаматтары  біздің отбасымызға ғана емес, жалпы ауыл адамдарына қатысты бұндай  істерді  өздеріне парыз санайтын. Отыны жоққа отын түсіріп беру, шөбі жоққа шөп жеткізу сияқты игі істер көз алдымызда өтіп жататын.

Әкеміз өте мейірімді адам болатын. Ол кезде таяқтың заманы, бұзау жамырап кетсе, немесе сүт тасып кетсе шешеміз таяқ ала жүгіретін. Біз жүгіріп барып әкеміздің артына тығылып үлгеруге тырысатынбыз. Әкеміз:  «араша, араша», деп екі қолын бірдей көкке көтеретін. Шешеміз бізге қатал болса да  әкемізбен сөз таластырып, қарсы келіп көрген емес еді. Тамағын баптап, киім-кешегін, төсек-орнын таза ұстап, әкеміз қисайып дем алып жатса дыбысымызды шығармай қоятын.

Әкеміздің кереуетінің тұсында домбырасы ілулі тұратын. Ара-тұра көңілденгенде домбырасын қолына алып «Қайран жастық», «Жетіарал жерім-ай» сияқты әндерді айтатын, кейде «Елім-ай» әнін тыңқылдатып мұңайыңқырап отыратын. Жарасы жанына батып маза бермегендіктен болуы керек, соғыс туралы көп айта қоймайтын.

Иә, соғыс зардабы тимеген адам жоқ, ол біздің отбасымызға да үлкен соққы болып тиді. Әкеміздің ауырсынған, ыңырсыған дауысы әлі күнге шейін құлағымызға келеді. Сол жарақаттардың салдарынан әкеміз көп ауырып, қиналып, 1971 жылы 31қаңтарда қайтыс болды.

Әкеміздің марапат қағаздары, төсбелгілері, соғыстағы суреті бар болатын, бірақ олардың ешқайсысы Сталиннің жарлығымен көшіп-қонып жүргенде жоғалып кетіп, әлдебір себептермен сақталмапты.

Бейбіт күнде де, Жеңіс күнінде де немерелері, шөберелері сұрағанда әкеміз туралы елжірей есімізге аламыз.

Менің әкемнің туған інісі Досалов Амантай 1914 жылы дүниеге келген. Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Сталин колхозы, №1ауылының тумасы. Ол кісі Ұлы Отан соғысына 1941 жылы шілде айында Қарағанды қаласының Киров аудандық әскери комитетінен шақырылып майданға аттанады. Елге 5-6 ай бойы ғана хат-хабар келіп тұрады да, соңынан хабарсыз кетеді. Солбойы елге оралмайды. Соғысқан жері  Ленинград облысы, Луга ауданы, Кулаково елді мекені болуы мүмкін.

Қазіргі кезге дейін Амантай ағамызды немересі Досалов Серікбай Домайұлы іздестіруде:  «Қайда жерленгені туралы деректер табылса басына барып тағзым етіп, құран оқытып қайтсам әкемнің аманаты орындалар еді», деп үмітін үзбей отыр.

«Амантай соғыстан аман қалды ма, күндердің бір күнінде келіп қалар ма» деп менің әкем де, шешем де өле-өлгенше үмітін үзбеді. Көзі тірісінде інім қасыма келіп қонсын деген үмітпен әкем үйді де үлкен етіп, екі есікті етіп салғызды.

Біз әкеміздің, Амантай ағамыздың Ұлы Отан соғысына қатысқанын, Отанының адал ұлдары болғанын мақтан тұтамыз.

Біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз!

Қызы Ахметова Нұрбала Темірханқызы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.