9 сәуір күні қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаева кәсіби бағдар жұмысы аясында қаламыздағы Гуманитарлық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттерімен «Ұстаздық жолдан тәжірибем» атты кездесу өткізді. Кездесу барысында «Bolashaq» Академиясы және қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша ақпаратпен таныстырды.
Кәсіби бағдар жұмысы «Bolashaq» академиясында жоспарлы түрде жүргізіледі. Академия қызметкерлері орта және орта арнаулы білім беру ұйымдарының бітіруші түлектерін білім беру бағдарламалары мен оларға деген сұраныс деңгейі, оқу мүмкіндіктері, академия студенттерінің жетістіктері, сондай-ақ оқытушылық құрам жайлы мәліметпен таныстырады, түлектер тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап береді.
Бұл жолы да Б.А.Абылбаева колледж студенттеріне республикамыздағы мамандықтарға деген сұраныс деңгейі және оның академия миссиясында үнемі ескеріліп отыратыны, академия түлектерінің мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.
Колледж студенттері биылғы болып жатқан өзгерістер бойынша көптеген сұрақтар қойып, тың мәліметтер алды. Академияның оқу жүйесі (бір ғана ауысымда болуы), оқудың төлем ақысы, көрсетілетін жеңілдіктер қатты қызықтырды және келемін деп ниет білдірген студенттер де болды.
Кафедра оқытушыларының кәсіби бағдар жұмысы алдағы күндерде де жалғасатын болады.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы