2025 жылдың 29 мамырында Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр Н.Б. Теміреева «Экология тазалығы – денсаулық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:

Табиғатты қорғау және экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру;
Адамгершілігі мол, ізгілікті мол әрі мәдениетті, табиғатты қорғай алатын ұрпақ тәрбиелеу;

Қоршаған ортаның сапасы мен ластану деңгейі туралы білім беру, сыртқы орта факторларының өзара байланысын, әсіресе адам мен табиғат арасындағы тығыз байланысты түсіндіру;
Сонымен қатар, аға оқытушы әлемдегі аурулардың басым бөлігі ластанған су көздерін пайдалану нәтижесінде туындайтынын, бұл – эколог мамандардың пікірлері мен зерттеулерінен белгілі екенін де атап өтті.
Іс-шара барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, қазіргі заманғы экологиялық мәселелерге тоқталды:
• Қоршаған ортаның өндірістік қалдықтармен ластануы;
• Жаһандық жылыну және мұхит деңгейінің көтерілуі;
• Жаңа вирус штамдары мен эпидемиялардың таралуы;
• Онкологиялық аурулардың мутациясы;
• Жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кетуі;
• Ормандардың азаюы;
• Атмосфераның озон қабатының бұзылуы;
• Пайдалы қазбалардың сарқылуы.

Қорытындылай келе, табиғат – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Табиғатты танып-білу, оны сүю және қорғау – әрбір саналы азаматтың міндеті. Сондықтан біз табиғатқа жанашыр болайық, қоршаған ортаны аялауды ұмытпайық. Білім арқылы экологиялық сананы дамытып, ел болашағына үлес қосайық.
«Таза Қазақстан» акциясын қолдап, экологиялық шараларға белсене қатысып, бірліктің күшімен табиғатты қорғайық!