Bolashaq» Академиясында халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында маңызды кездесу өтті. Академияға Kastamonu университетінің PhD, доценті Өмер Фарук Әтеш арнайы іс-сапармен келді.


Кездесу барысында қонақ Академия ректоры Қуанышбек Булановичтің қабылдауында болып, екі оқу ордасы арасындағы ғылыми-академиялық байланыстарды дамыту және жаңа серіктестік бағыттарын айқындау мәселелері талқыланды.


Іс-шара аясында Өмер Фарук Әтеш профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен жүздесіп, «Қазақ және түрік әдеби дәстүрлерінің өзара ықпалы» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, академиялық мобильділік бағдарламалары жөнінде толық ақпаратпен танысты.

Бұл кездесу «Bolashaq» Академиясының халықаралық ғылыми байланыстарын кеңейтуге және түркі халықтарының мәдени-әдеби байланысын тереңдетуге бағытталған игі бастамалардың жалғасы болып табылады.