Фармация пәндері кафедрасының оқытушыларының “Психикалық денсаулық-бұл адамның әмбебап құқығы” конференциясына қатысуы

“Қарағанды медицина университеті” КЕАҚ-да 2023 жылғы 10.10-да Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған конференция өтті. Конференция биылғы жылы “Психикалық денсаулық – бұл адамның әмбебап құқығы” ұранымен өтті.

Ұйымдастырушылар “Неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасының психиатрия курсы”, Қоғамдық денсаулық және кәсіптік денсаулық институты, отбасылық медицина кафедрасы болды.

Конференцияның мақсаты психиатрияның өзекті мәселелерін талқылау, білімді жетілдіру, хабардарлықты арттыру және адамның әмбебап құқығы ретінде психикалық денсаулыққа ықпал ететін және қорғайтын әрекеттерді ынталандыру болды. “Bolashaq” Академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары конференцияға белсенді қатысты

12 баяндама тыңдалды. “Заманауи психофармакотерапия: принциптері, клиникалық мүмкіндіктері, жанама әсерлері мен асқынулары”, “Психиатрия, наркология, психотерапиядағы сәйкестік” тақырыбындағы баяндама ерекше қызығушылық тудырды

Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2023/10/сертификатконф-без-фамилии.pdf

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.