Bolashaq” Академиясының студенттер қатарына қабылдау кеші!

2025 жылдың күзінде «Bolashaq» Академиясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын, жыл сайынғы маңызды шаралардың бірі — бірінші курс студенттерін ресми түрде студенттер қатарына қабылдау кеші жоғары деңгейде өтті. Бұл ерекше іс-шара білім ордасының табалдырығын алғаш рет аттаған жастар үшін ғана емес, бүкіл Академия ұжымы үшін де толқу мен қуанышқа толы сәт болды.

Салтанатты кештің мақсаты – жаңа студенттерге Академия өмірінің айрықша атмосферасын сезіндіру, олардың студенттік өмірге деген қызығушылығын арттыру және үлкен отбасына – «Bolashaq» қауымдастығына енгендерін ресми түрде атап өту.

Кеш барысында алғашқы болып сөз алған Академия ректоры Қуанышбек Буланович Аданов студенттерге ізгі тілегін білдіріп, білім алуда табандылық пен белсенділік тілеп, жастарды болашақ маман ретінде кәсіби шыңдарды бағындыруға шақырды. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамы да жылы лебіздерін білдіріп, студенттік өмірдің қызықты әрі жауапты кезең екенін атап өтті.

Кештің басты сәттерінің бірі — «Студент антын» қабылдау болды. Бірінші курс студенттері салтанатты түрде ант беріп, Академияның абыройын асқақтатып, адал білім алып, ел болашағына үлес қосатын азамат болуға уәде етті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.