Азаматтық сот процесімен танысу

2025 жылғы 1 желтоқсанда «Bolashaq» академиясының Құқықтану білім беру бағдарламасының Ю-23-2 тобының студенттері «ҚР Азаматтық процестік құқығы» пәні аясында, аға оқытушы С.І. Көпжасарованың жетекшілігімен Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында азаматтық іс бойынша ашық сот отырысына қатысты.


Сот отырысына қатысу арқылы студенттер азаматтық процестегі істі қарау тәртібін, судьяның іс жүргізуді ұйымдастыруын, тараптардың өз ұстанымдарын негіздеуін тікелей көру мүмкіндігіне ие болды.Бұндай тәжірибе болашақ заңгерлерге құқық қолдану қызметінің ерекшеліктерін терең түсінуге, теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуге және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.