31 қаңтарда Қарағанды қаласының «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Bolashaq» Академиясының құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының доценті Садықова Көкеш Каригуловнамен мектеп оқушыларының кездесуі өтті.


Іс-шараның негізгі мақсаты:
-ҚР Конституциясының қоғамдағы рөлін, орны мен маңызын терең түсінуге көмектесу;
-оқушылар мен кездесуге қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
-Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформа туралы хабардар ету.
