2025 жылғы 9 желтоқсанда Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттерімен кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.«Bolashaq» академиясының оқытушылары мен студенттері болашақ талапкерлерге оқу мүмкіндіктерін, қабылдау ережелерін және академиядағы студенттік өмір тынысымен таныстырды. Іс-шара «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары бойынша түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беруге бағытталды.

«Педагогика» кафедрасынан іс-шараға аға оқытушы Жанысбаева Р.М., аға оқытушы Қосманова А.Б., сондай-ақ академия бойынша кәсіби бағдар жұмысына жауапты Қосманова Ә.Б. қатысты. Сонымен бірге академия атынан ДОВ-24-1к тобының белсенді студенттері – Цурикова Мария, Чеканникова Регина және Артемасова Арина қатысты.
Кездесу барысында оқытушылар «Bolashaq» академиясындағы дайындық бағыттары, оқу жағдайлары, қабылдау тәртібі, қажетті құжаттар және жоғары педагогикалық білім алудың артықшылықтары туралы колледж студенттеріне жан-жақты ақпарат берді. Академиялық ұтқырлық мүмкіндіктеріне, халықаралық бағдарламаларға қатысуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, студенттік бастамаларға және болашақта жұмысқа орналасу перспективаларына ерекше назар аударылды.

Академия студенттері өздерінің оқу тәжірибесімен бөлісіп, студенттік өмір, педагогикалық практиканы өту, түрлі конкурстар мен конференцияларға, жобаларға қатысу жөнінде әңгімеледі. Олардың шынайы да әсерлі әңгімелері болашақ талапкерлерге «Bolashaq» академиясында білім алудың нақты артықшылықтарын көруге және өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік берді.
Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері белсенді түрде мынандай сұрақтарға жауап алды: оқу пәндерінің мазмұны, жатақхана жағдайы, педагогикалық практиканың ерекшеліктері, тағылымдамадан өту мүмкіндіктері және кәсіби өсудің болашағы туралы сұрақтар қойды. Кездесу соңында қатысушылар кейінгі кеңес алу үшін байланыс деректерімен алмасты.

Өткізілген іс-шара «Bolashaq» академиясы мен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты жалғастыруға және болашақ студенттердің кәсіби мүмкіндіктері жөнінде оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етті. Кездесу жылы әрі нәтижелі атмосферада өтіп, түлектердің кәсіби өзін-өзі анықтауында кәсіби бағдар жұмысының маңыздылығын айқындады.