Қарағанды –  құт мекен!

2025 жылғы 10 ақпанда «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Қосманова ПМНО-24-2, ПМНО-24-2с, ПМНО-23-2, ПМНО-22-2, ПМНО-21-2, ПиП-24-2, ПИП-22-2 топтары студенттеріне қала күніне арналған «Қарағанды құт мекен!» атты кураторлық сағат өткізді.

Қарағанды қаласының күніне арналған кураторлық сағатта қала тарихы мен мәдениеті туралы мәліметтер айтылып, Қарағандының даму кезеңдері мен қала тұрғындарының ерен еңбектері айтылып, тарихи тұлғаларға назар аударылды. Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, өнеркәсіп, білім және мәдениет салаларындағы жаңалықтар туралы баяндалып ПМНО-24-2 тобы дайындап әкелген презентация көрсетілді.. Студенттердің қалаға деген патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік тақырыптары туралы әңгімежүргізілді..

Аға оқытушы А.Б.Қосманова қорытынды сөзінде, тәрбие сағатының мәні мен маңызын атап өтіп, жастардың бойына қаланың болашағына деген сенім мен үміттерін оятып, студенттерге Қарағанды қаласын одан әрі дамытуға келешекте өз үлестерін қосу үшін міндеті мен мақсатын жеткізді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.