2025 жылғы 2 желтоқсанда Қарағанды медициналық интерколледжінде кәсіби бағдарлау және имидждік жұмыстың жоспарына сәйкес фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Б.О. Адалбекова жүргізген кәсіби бағдарлау кездесуі өтті. Іс-шара барысында Ф-111a және Ф-211b топтарының студенттеріне «Bolashaq» Академиясында ұсынылатын барлық мамандықтар туралы жалпы ақпарат беріліп, қабылдау ережелері түсіндірілді, сондай-ақ университет туралы бейнеролик көрсетілді.


Колледж студенттері медициналық колледжді бітіргеннен кейінгі оқуға түсу, «Фармация» қысқартылған білім беру бағдарламасының оқу құны мен мерзімі, сондай-ақ жатақханаға орналастыру мүмкіндігі туралы белсенді сұрақтар қойды. Б.О. Адалбекова барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, студенттер академияның қабылдау комиссиясының байланыс мәліметтерін жазып алды.